Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұзақ ғұмыр кешуіңізді сұраймын": Зарина Омарова анасын туған күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Зарина Омарова анасымен
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Зарина Омарова желіде анасын туғанткүнімен құттықтап, оған жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова анасына деген ақ тілегін Instagram парақшасы арқылы жеткізген.

"Әлемнің жарығын сыйлаған яулы анашым, ақылшым, қорғаным, менің адам досым. Ана деген үш ақ әріп. Әлемдегі барлық мейірімділік қамқорлықты сыйдырып тұрған ұлы және жылы сөз. Туған күніңізбен анашым. Қазір анама деген махаббатым турала не жазсамда аз болар. Тек Алладан Сіздің ұзақ ғұмыр кешуіңізді сұраймын. Анамыздай бізді ешкім қолдамайды, қорғамайды. Аналарымыз аман болсын", - деп жазды әнші.

Оған қоса, өнер иесі анасының өзіне арнап шығарған өлең жолдарымен де бөлісті.

"Айырмасын құдайым берекеңнен. Қосағыңмен қол ұстасып жарығым, Балаларың аман болғай көрінген. Қызғалдағым,мақтанышым,тұңғышым. Бұзылмасын басыңдағы тынышың… Бар өмірім,махаббатым сендермен. Бақыттымын,ашылады тынысым", - деген өлең жолдарын арнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952319-uzaq-gumyr-kesuinizdi-suraimyn-zarina-omarova-anasyn-tugan-kunimen-quttyqtady/