Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілім отбасымен Түркияда демалуда (фото)

Жарияланған күні:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mussilim

Жақында ғана ұлының бір жасын атап өткен Тәуекел Мүсілім отбасын Түркияға алып барды. Жұлдызды жанұя шетелде ерекше демалыс өткізуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілімнің отбасы ұлы Айтөренің туған күнінен кейін шетел асып, демалып қайтуды жөн көрген. Өнер иесі бұл сапарға анасы, әпкесі, әйелі және ұлымен бірге барған.

Актер отбасылық демалысы қалай өтіп жатқанын өзінің Instagram парақшасында көрсеткен.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға жақсы демалыс тілеп, елге аман-есен оралуын жеткізді.

"Күшті, отбасымен өткізген демалысқа не жетсін", "Жарайсың Тәуекел, жанұяңды әрдайым қуантып жүре бер", "Бізге де осындай демалыс бұйырсын", "Жақсы демалыңыздар", "Естен кетпес демалыс өткізіп, елге аман оралыңыздар", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1952631-tauekel-musilim-otbasymen-turkiyada-demaluda-foto/