Қыздарына ән салған Төреғали Төреәлі елді тәнті етті (видео)
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі желіде қос қызымен видео жариялап, елді сүйсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі отбасылық бейнежазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда өнер иесінің қос қызына домбырамен заманауи әнді шырқап жатқанын көруге болады. Төреғали өлең айтып бастағанды перзенттері биге басты
Әртістің сөзінше, балалары ұйықтар алдында міндетті түрде осы әнді айтып беруді талап етеді.
"Үйге шаршап, есікті "аш аш" деп келсең, қыздарым әке ашуыңды "бас бас" деп күтіп алады осылай. Сосын Joker-дің әнін айтып барып ұйқтаймыз", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жұлдызды әулеттің ерекше видеосын тамсана қарап, әкесі мен қыздарының қарым-қатынасына тәнті болған.
"Әке еркелеткен қыздар бақытты болады", "Жарайсыз, қыздарыңыздың сөзін жерге қалдырмай, өзге әншінің болса да әнін шырқап жатырсыз", "Қандай керемет әкесіз", "Керемет әкесің Төреш кыздарыңның қызығын көр", "Кандай керемет көрініс, отбасылық жылулық, бақытты балапандар", "Үйлеріңізден береке кетпесін, балапандар аман болсын", "Құдай не деген тәтті балапандар", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1953275-qyzdaryna-an-salgan-toregali-toreali-eldi-tanti-etti-video/