Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқынышты болды": Қайрат Әділгерей "Дикий Арманның" туған күнін қалай жүргізгенін айтты

Жарияланған күні:

Қайрат Әділгерей
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей қылмыс әлемінің серкесі "Дикий Арман" туралы өз ойын айтты. Өнер иесі Түркияда Арман Жұмагелдиевтің туған күнін басқарған. Алайда, ол бұл ұсынысты қабылдамас бұрын, бойын қорқыныш билегенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей "Дикий Арманның" туған күнін жүргізуге қалай келіскенін "40 сұрақ" бағдарламасында айтып берді. Актер бастапқыда бұл ұсынысты қабылдаудан қорыққанымен, кейіннен Жұмагелдиев туралы ойы өзгергенін жеткізді. Ол Арманды өз елінің патриоты ретінде сипаттады.

Оған қоса, әзілкеш тәртіпсіздіктер кезінде өзіне келіп түскен сыни пікірлер туралы да айтты.

"Туған күнін жүргіздім. Қасындағы "Нойс" (ред. - шын есімі - Нұржан) деген досы өткенде Арманды ұстап алған кезде: "Арманның алдында маймылданып жүр едің ғой, енді қолдау көрсетпейсің ба?" деп жерден алып, жерге салды. Мені Арманның жан досы құсатып, күнде араласып жүріп, лақтырып кеткен адам сияқты көрсетті.

Іс-шара былтыр 7 қаңтар күні болды. 8-і күні Арман теплоход жалдап, Қазақстаннан келген бүкіл әртістерді қыдыртып, тамақтандырып, өлең тыңдап, тоғызы қайта ұшып кеттік. Ол маған Айнұр Тұрсынбаева арқылы шықты. "Жолдасымның туған күні болайын деп жатыр" деді. "Айнұр апа, құрысын мен қорқамын, жақындамай-ақ қояйыншы" дедім. Айнұр апа бөтен ешкім болмайтынын айтты. Қазақстаннан 40-50 адам ғана болатынын жеткізді.

Басында қорқынышты болды. Енді елдің алдында жүрген адам. Жүрген саласы да ауыр сала ғой. Білмейсің ғой, қауіп-қатер аяқ астынан болып қалуы мүмкін дегендей. Бірақ, өз көзіммен көрдім. "Қазаққа жанашыр, қазаққа болсыншы" деп қалған адам екен. Патриоттық сезімі мықты. Наркенже деген дәстүрлі әнші бар. Соның киімін өзге ұлт достарына сүйреп апарып, "мынау біздің ұлттық киім" деп көрсетіп жатты", - деді Қайрат Әділгерей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954434-qorqynysty-boldy-qairat-adilgerei-dikii-armannyn-tugan-kunin-qalai-zurgizgenin-aitty/