"Ақыл айтқыштардың заманы": Бағлан Әбдірайымов өмір туралы ой-толғауын бөлісті
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Бағлан Әбдірайымов желіде өзінің өмір жайлы ой-толғауын бөлісті. Өнер иесі бүгінде түрлі данышпандар мен ақыл айтқыш адамдардың қаптап кеткенін алға тартты. Ол барша халыққа таза өмір сүруді нәсіп етуін тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағлан Әбдірайымов әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялады.
Ол қазіргі қоғамда бақытты болудың құпиясы мен баюдың жолын нақты айтып жүрген адамдардың көбейіп кеткенін жеткізді.
Сонымен қатар, кімдерді нағыз үлгі тұтар тұлға ретінде санайтынын да айтты.
Әнші Ескендір Хасанғалиев, Жақсылық Үшкемпіров, Әбдіжәміл Нүрпейісов секілді өмір сүргісі келетінін жасырмады.
"Әнші имамдық роль атқарып, ақының блогер болып, актерің психолог болып, спортшың уағыз айтып, алқашың ән айтып, танымалдар қайырымдылық жасап, бірінің ақшасын біріне жамап посредник боп, бәрі "91", бәрі "Скриптонит", ақыл айтқыш, данышпан, бақытты болудың құпиясын дәл білетін, баюдың жолын нақты айтатын, түп санаңа скрин жасап беретін, бизнесменің әулие болып, тұлғаң сатқын болып қайнап жатқан өмір - ай!
Не боп кетті өзі?Жүрісінен жаңылмаған, репертуардан айнымаған, кісілігіне кір келтірмеген жандар қалды ма өзі? Ескендір Хасанғалиев, Жақсылық Үшкемпіров, Әбдіжәміл Нүрпейісов аталарымыздай, көкелеріміздей таза өмір сүруді баршамызға нәсіп етсін", - деп жазды Әбдірайымов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1955290-aqyl-aitqystardyn-zamany-baglan-abdiraiymov-omir-turaly-oi-tolgauymen-bolisti/