Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: Өскелең ұрпаққа қорқыныш ұялатпауға тырысуымыз керек

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде өмір жайлы өз ой-толғауымен бөлісті. Ол алуан түрлі ақпараттар легінде өзін жоғалтып алмау керек екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы адам психологиясына тоқталып, бүгінгінің үлкендері келер ұрпаққа қорқыныш сезімін ұялатпау үшін барын салу керектігін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

"Күнделікті мың алуан ақпараттың ішінде өзімізді жоғалтпаудың жолы аз. Бәрін өшіріп, өз әлемің, қиялыңмен өмір сүру ыңғайлы шығар, бірақ қашаңғы. Келіп жатқан қорқынышты (тексерілмеген) видео/смсті ары қарай поделиться ету арқылы біз онсыз да жаны қиналып жүрген адамға уайым қосып беруіміз мүмкін. Психологиялық тұрғыдан мықты да, әлсіз адамдар бар.
Өзіңді ойлау-қоршаған ортаны ойлау! Бұл ортада біздің балаларымыз өсуде. Қазір біз бір-бірімізге қолымыздан келгенше жылы сөйлеп, ешкімнің жекесіне өтпей, бауырмашылдық танытуымыз керек. Бізге бейбіт өмір керек, бізге дені сау ұрпақ керек. Біз, үлкендер қорқыныш ұялатпауға тырысуымыз керек. Қолдан келгенше", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1958991-laila-sultanqyzy-oskelen-urpaqqa-qorqynys-uyalatpauga-tyrysuymyz-kerek/

pixel