"Қалаулымға" қатысқан ару араб жігітінің қалыңдығы атанды
Жарияланған күні:
Атышулы "Қалаулым" жобасына қатысып, қалың көпшілікке танылған Дина Төкенова есімді ару жақында тұрмысқа шықпақ. Бағдарламада жолы болмаған бойжеткен сүйіктісін шын өмірде жолықтырған. Оның таңдауы араб жігітіне түсіпті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қалаулымдық ару қалыңдық атанғанын Instagram парақшасында жария етті. Ол сүйіктісінің өзіне ұсыныс жасаған видеосын бөлісті.
Ер адам оған Дубай қаласындағы биік ғимараттардың бірінде үйленуге ұсыныс жасаған. Жігіт тізерлеп отырып, ғашығына сақинаны ұсынды. Бойжеткен көп ойланбастан оған "иә" деп жауап берген.
Қос ғашықтың әсерлі видеосы бірден желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Қалың көпшілік қазақ аруының таңдауы кімге түскенін біле алмай әлек болды.
Дина Төкенова өзіне сансыз сұрақтар келіп түскеннен кейін, оларға жауап беруді жөн көрген. Ол жігітінің ұлтына қатысты түрлі болжамдарға нүкте қойды. Бойжеткен араб азаматының қалыңдығы болғанын жасырмады.
"Ал ең қатты мазалап жатқан сұрақтарыңызға жауып берейін. Ұлты - араб! Ешқандай шал емес. Шалдар бұлай билей алмайды. Одан кейін айтарым, ол - бай емес. Дина ақша үшін шығып жатыр, байып кетеді деп уайымдамай-ақ қойыңыздар. Арамызда байлықтан да қымбат - махаббат бар", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959846-qalaulymga-qatysqan-aru-arab-zigitinin-qalyndygy-atandy-video/