Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны танымаймын": Айдар Тұрғамбек бірінші әйелімен арақатынасы туралы айтты

Жарияланған күні:

Айдар Тұрғамбек
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек бірінші некесі туралы сұраққа жауап беріп, бұрынғы әйелімен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты. Өнер иесі бірінші келіншегін мүлдем "танымайтынын" жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдар Тұрғамбек бірінші некеден туған қызымен жақсы араласып тұратынын алға тартты. Оның сөзінше, перзенті Алматыға келіп тұрады.

Алайда, бұрынғы жарымен әнші байланысын толығымен үзген болып шықты. Ол "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында бірінші әйелін "танымайтынын" айтып, оған қатысты сұраққа жауап бергісі келмеді.

Эстрада жұлдызы тіпті журналиске бұл тақырыпты қозғаудың қажеті жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұрынғы келіншегінің бүгінде өз отбасы бар.

"Кім алғашқы жарым? Кім ол Раушан деген? Танымайды екенмін. Бұл мәселелерді біз қазір мүлдем қозғамаймыз. Ол кісінің өз отбасы бар. Сол себепті, бұл мәселені сызып тастай салайық. Ортамызда қызымыз бар. Қызыммен жақсы араласамын. Жақында 11-ге толады. Ол – менің ұрпағым. Араласып, хат жазысып, көмектесіп тұрамын. Видеоларыммен бөлісемін. Ол Алматыға келеді. Қолымнан келгенше жақсылық жасауға тырысамын. Алла нәсіп етсе, бәрі жақсы болады. Өткен өмірім туралы айтқым келмейді. Себебі, оның өз отбасы бар. Менің өз отбасым бар. Сондықтан ол айтатын нәрсе емес", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1959899-ony-tanymaimyn-aidar-turgambek-birinsi-aielimen-araqatynasy-turaly-aitty/