Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гүлзира ханымның пиары болды ма": Блогер Қайрат пен Жұлдыздың арақатынасына пікір білдірді

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/kair_n

Отандық танымал блогер Мөлдір Анарбаева желіде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасына қатысты өз пікірін білдірді. Ел арасында ерлі-зайыптының бір ажырасып қайта қосылғаны туралы қауесеттер көптеп тарап жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Анарбаева жұлдызды жұптың қайта табысуына қатысты мүлдем басқа ойда екенін ашық айтты. Ол Қайрат пен Жұлдыздың айырылысуын арнайы ойластырылған пиарға теңеді.

"Тойға барған жалғыз мен емес. "Біреудің өмірін аңдысаң, өз өмірің қызық емес" дейтін психологтардың өзі де аңдып отыр. Не де болса, көз алдымыздағы отбасылар ғой, аман болсын, бақытты болсын!

Бір ойым Гүлзира ханымның тағы бір пиар қадамы болды ма? Келінді көрсетпей он бес жыл ұстаған мықты маркетолог бұл жолы бір жыл осындай әрекет жасады ма? Кім білсін, әйтеуір не де болса сендік, қуандық. Бақытты болсын! Еліміздің ең мықты еңбекқор әулеті ғой, оған таласа алмайсың", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін халық арасында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың ажырасып кеткеніне қатысты түрлі қауесеттер тараған болатын.

Ерлі-зайыпты көптен бері ел алдына бірге шықпай, Заңғар Нұртастың үйлену тойында ғана бірге бой көрсетті. Бұл жайт бірден оқырмандар назарына ілігіп, желіде қызу талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962695-gulzira-xanymnyn-piary-boldy-ma-bloger-qairat-pen-zuldyzdyn-araqatynasyna-pikir-bildirdi/

pixel