Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5-10 минутта жүріп кетті": Нұрболат Абдуллин марқұм әкесін есіне алды

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Фото: Youtube/TalkLike

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин марқұм әкесіне деген сағынышын жеткізіп, өз өкінішін жеткізді. Әнші қиын сәтте әкесінің қасында бола алмағанына күйінеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрболат Абдуллин әкесі қасында әлі ұзақ болатынына қатты сенгенін айтты. Әнші көбірек анасы үшін уайымдағанын жасырмады.

Ол әкесінің өліміне қатысты қаралы хабарды туған ағасынан естіген. Әртістің сөзінше, ол бұған дейін денсаулығына шағым жасамаған.

"Бұл концертте әкем ғана жоқ. Қалғанының бәрі бар. Менің Алматы мен елордада болған екі үлкен концертімде де әкем отырды. Осы соңғы концертте өкінішке орай, әкем жоқ. Қалғаны әзірге өз орнында. Мен Алматыда болып қалдым. Әкем негізі сырқаттанған адам емес. Бас-аяғы 5-10 минуттың ішінде жүріп кетті. Әкемнің әкесі жетпістен асқан шағында дүниеден озды. "Мен де әкемнің жасын жасаймын, одан асамын. Бұйыртса шөберелерімді сүйем" деп отыратын ол кісі.

Енді адамның емес, Алланың дегені болатыны сөзсіз ғой. Сәл өкінішім сол. Қасында бола алмадым, бара алмадым. Сол мезетте ғана кешкісін естідім. Қаралы хабарды ағам жеткізді. Екі күн бұрын видеомен сөйлескен едік. Әкем әрқашан сергек жүретін.

Ауырдым деп шағымданбайтын. Шаршағанын айтпайтын кісі еді. Өзі де еңгезердей кісі еді ғой. Мен әкемнің ұзақ ғұмыр сүретініне сенетінмін. Анамды көбірек уайымдайтынмын. Ауырып қалатын. Бүкіл назарым сол кісіде болды. Әкем қасымда ұзақ болатынына сендім", - деді ол.

Сонымен қатар Нұрболат Абдуллин әкесінен алған тәрбиесі жөнінде айтып, мінезі сол кісіден дарығанын жеткізді. Әнші әкесі үшін балалық арманынан бас тартқан.

"Әкесін тыңдаған адам болса, ол менмін. Үйді қарап, мектеп бітіргенше қасында көмектесіп жүрдім. Соның нәтижесінде қалаған оқуыма түстім. Әкем үшін балалық арманымнан бас тарттым десем болады. Ерке болдым. Үлкен ағаларыма қаталдау болатын. Ал маған басқаша қарады. Әкемнен ештеңе жасырған емеспін.

Құрметім өте жоғары болды. Жасқаншақ болып өскен жоқпын. Ұнайтын немесе ұнамайтын нәрселерімді айта алатын болдым. Жалпы мінез деген сол кісіден дарыды", - деп ағынан жарылды әртіс "Talk Like" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1962947-5-10-minutta-zurip-ketti-nurbolat-abdullin-marqum-akesin-esine-aldy/

pixel