Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сценарийді бірге жазып жатырмыз": Әли Оқапов анасы жайлы фильм түсірмек

Жарияланған күні:

Роза Рымбаева мен Әли Оқапов
Видеодан кадр: Youtube/НТК

Әнші Әли Оқапов әйгілі анасы Роза Рымбаева жайлы өзі кино түсірмек. Өнер иесі бүгінде аталмыш фильмнің сценариін жазып, жұмысқа қызу кірісіп кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқапов бұл туралы "НТК" арнасына берген сұхбаты барысында айтты. Ол бұған дейін анасы жайлы кино түсіру ойы не себепті жүзеге аспағанын түсіндірді.

"Осы жобамен айналысқаныма екі жыл болды. Осыған дейін де біраз ұсыныстар болды. Үш рет әр түрлі адамдар мен ұжымдар хабарласты. Кино түсіруге қатысты өз ұсыныстарын айтты. Бірақ, келісе алмадық. Біреулердің тәжірибесі жеткен жоқ. Кейбіреулердің мақсаты да біртүрлі болып қалды. Кейбірінің ұйымдастырушылық сұрақтары дұрыс емес болды. Келісімімізді берген жоқпыз. Бірақ, осы жолы неге өзімізге түсірмеске деген ой келді. Сценарийді бірге жазып жатырмыз. Бітіріп те қойдық.

Кәсіби сценаристер де бар. Ол – Ефрат Шарипов. Ол кісінің еңбегін "Дос-Мұқасан" фильмінен көре аласыздар. Жақында шығады. Ал режиссері Айдын Сахаман. Ол да "Дос-Мұзасан" фильмін түсірген. Академияда анаммен бірге жұмыс істеген. Мюзикл емес драма жанрында түсіреміз. Ең бастысы бізд Роза Қуанышқызының өмірін көрсетуіміз керек. Әрине, оны музыкасыз елестету мүмкін емес. Бірақ, бірінші кезекте өмірі", - деді әнші.

Әли Оқапов аталмыш киноны дәл қазір түсірудің маңыздылығын жеткізді.

"Себебі бүкіл өмірінің нақтысын айта алатын адам жанымызда. Екіншіден, дауыс керек. Өйткені Роза Рымбаеваның даусын Роза Рымбаевадан артық ешкім сала алмайды деп ойлаймын Әйелдер жайлы кино аз ғой. Неге түсірмеске? Өкінішке қарай, "Томиристен" басқа басты кейіпкер әйел болатын кино жоқтың қасы", - деді ол.\

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1963712-scenariidi-birge-zazyp-zatyrmyz-ali-oqapov-anasy-zaily-film-tusirmek/