Жеңіс Ысқақова жас кезінде қандай болғанын көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Жеңіс Ысқақова желіде мұрағаттық суреттерін бөлісіп, қалың көпшілікке жас кезінде қандай болғанын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Өнер иесі аталмыш фотоларды Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда әнші бала күнгі құрбысы Роза Қаратаевамен бірге тұрғанын көруге болады.
Әнші жан досының туған күніне орай желіде мұрағаттық суреттерді бөлісіп, оған өз ақ тілегін жолдаған.
"Бүгін менің жан досым, бала күнімізден(4-ші сыныптан) қол ұстасып бірге сахынаға шыққан Роза Қаратаева құрбымның туған күні. Розажан туған күнің құтты болсын! Әлемнің барлық жақсылығын тілеймін", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары болса Ысқақованың жас кезіндегі суреттеріне тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірген.
"Өте сұлусыздар. Сол кезде нағыз табиғи сұлулық деген болды ғой", "Тереңөзектің жұлдыздары", "Қазір әрине, стильдеріңіз анағұрлым жақсарған. Бірақ, бұрынғы заманға ештеңе жетпейді екен", "Керемет кездерді еске түсірдіңіз", "Суреттерден Гүлнұр Оразымбетова ма деп қалдым", "Бұрынғы суреттерде шынайылық көбірек", - деп жазуда халық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964446-zenis-ysqaqova-zas-kezinde-qandai-bolganyn-korsetti-foto/