Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екіжүздісің бе?": Жеңіс Ысқақова белгілі әншінің мінезі туралы айтты

Жарияланған күні:

Жеңіс Ысқақова мен Азия тобы
Видеодан кадр: Youtube

Әнші Жеңіс Ысқақова "Азия" тобының мүшелерінің мінезін жеке суреттеп отырып, Ербол Шариповпен әзілдесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Youtube желісіндегі жоба барысында Жеңіс Ысқақова "Азия" тобының әншілерінің мінезін суреттеген.

Ол "ең үндемейтін, музыкасын жазып "томпиып" отыратын Нұрсұлтан Батырқұлов" деді. Осы уақытта топ мүшесі Ербол Шарипов әңгімеге араласып, "бұл жерде мен сізбен бәстесе аламын, сіз бірінші Нұрсұлтанмен ұрысып көріңізші", - деп күлді.

Ербол өзін сахнада ғана белсенді екенін, бір орында тұра алмайтынын, ал топтың ішінде керісінше момын өзі екенін алға тартты.

"Сонда сен екіжүздісің бе?" – деген Жеңіс Ысқақованың сұрағына, ол "мүмкін", - деп жауап берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әнші Жеңіс Ысқақова желіде мұрағаттық суреттерін бөлісіп, қалың көпшілікке жас кезінде қандай болғанын көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964468-ekizuzdisin-be-zenis-ysqaqova-aziya-tobyn-synap-tastady/