Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатерлі ісікке шалдықты": Отандық блогер анасының дерті туралы айтып, эфирде жылап қалды

Жарияланған күні:

Damelya Sweet
Видеодан кадр: Youtube/НТК

Ғаламтор желісінде "Damelya Sweet" лақап атымен танылған блогер ару ауқымды сұхбат беріп, бұған дейін еш жерде айтпаған сырымен бөлісті. Ол анасының ауыр дертке шалдыққанын айтып, тікелей эфир кезінде көзіне жас алып қалды, деп жазады KAZ,NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, Дамеляның анасы қатерлі ісікке шалдыққан. Оның емі әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Блогердің сөзінше, бүгінде анасының жағдайы анағұрлым жақсарған.

Желі жұлдызы отбасына қатысты жан сырын "Тaboo" бағдарламасында ақтарды.

"11 сыныптың үшінші тоқсанында отбасымда бір қиын жағдайлар орын алды. Отбасылық ішкі қақтығыстар болып, анам қатты ауырып қалды. Олар бірден Кореяға кетті. Ал мен ҰБТ-ға дайындалып жүрдім. Сол кезде әпкемнен жаман хабар естідім. Ол түнде жылап маған қоңырау шалып, анамыздың қатерлі ісікке шалдыққанын айтты. Содан кейін химия жасатамыз деп шештік. Негізі анамның қатерлі ісікке шалдыққанын ешкім білмейді.

Анамды Сеул қаласына апарып емдедік. Оған үш жыл кетті. Өте ұзақ уақыт. Өйткені қатерлі ісіктің кетуі қиын. Жарты жыл сайын Кореяға барып жаңартып тұру керек. Анализдерді тапсырып, бәрін қалыпта ұстап тұру маңызды. Әлі күнге дейін жарты жыл сайын ұшып барып тұрамыз. Меніңше, бұл әрбір жасөспірім үшін ауыр соққы. Себебі 11 сыныпта тестілеуге дайындалатын кезде отбасыңда осындай мәселе туындағаны өте қиын.

Ата-анаңның саған уақыты жоқ. Сол кезде менің басымда мынадай ойлар келе бастады. Емге кеткен қаржыны көргенде, ата-анама мені оқуға түсіру ауырлық тудырады деп ойладым. Сол себептен мен жұмыс істеп бастадым. Мен ата-анама ауырлық тудырғым келген жоқ. Ал қазір шүкір. Анам қалаған нәрсені алып бере аламын", - деді Дамеля.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964608-qaterli-isikke-saldyqty-otandyq-bloger-anasynyn-derti-turaly-aityp-efirde-zylap-qaldy/