Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Ayree-дің ғашығы кім екені белгілі болды (видео)

Жарияланған күні:

Ayree мен Серікболсын Кішкенбаев
Фото: Instagram/dalacrafts

Қазақстандық шоу-бизнесте жаңа жұлдызды жұп. Әнші Ayree-дің көпшіліктен жасырып келген сүйіктісі кім екені белгілі болды. Оның таңдауы "Музарт Life" тобының мүшесі Серікболсын Кішкенбаевқа түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қос ғашықтың кездесіп жүргені Серікболсынның туған күн кешінде жария болды. Жаңа жасын дүркіретіп атап өткен әнші өз қуанышында қонақтарының алдына сүйіктісімен бірге шыққан.

Олар көпшіліктен жасқанбай, қол ұстасып бір-біріне деген сезімдерін жасырмады. Оған желіде тарап кеткен тойдың видеолары дәлел болмақ.

Сонымен қатар той иелері жиналған көпшілікке махаббат жайлы ән орындап берді.

"Музарт Life" мүшесінің жеке мерекесіне келген жұлдызды меймандар енді ғашықтардың үйлену тойына келуге ниет білдірді.

Желі қолданушылары да Серікболсын мен Ayree үшін қуанып, оларға бақыт тіледі.

"Бақытты болыңыздар. Екеуі кездесіп жүргенін білмеппін", "Бұл әншілердің кездесіп жүргендеріне біраз болған. Айри ғашығы бар екенін бұрыннан бері айтып жүр. Тек кім екенін жария етпеді", "Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Екеуі сондай жарасымды. Енді биылдан қалмай шаңырақ көтеріңіздер", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964616-ansi-ayree-din-gasygy-kim-ekeni-belgili-boldy-video/