"Қасыңда тек анаң ғана қалады": Қайрат Нұртас анасына тілек айтып, оны жылатып қойды (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Қайрат Нұртас алғашқылардың бірі болып анасын туған күнімен құттықтап, оған өз ақ тілегін жолдаған. Продюсер ханым жұлдызды ұлының әсерлі сөздерінен кеін өзін ұстай алмай жылап жіберді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қайрат Нұртастың анасына айтқан тілегі ел жүрегін елжіретті. Өнер иесі өзін дүниеге алып келген анасына алғысын жаудырып, одан барлық қателіктері үшін кешірім сұрады.
Оған қоса әнші соңында әр адамның қасында анасы ғана қалатынын айтып өтті.
"Аллаға шүкір, осындай анамыздың барына, анамыздан тәрбие алғанымызға. Жолды көрсетіп, қаншама қиыншылықтарда қасымда болдыңыз. Менің түсінгенім, соңында қасыңда қалатын тек қана анаң екен. Анажан, істеген қателіктерім, сізді ренжіткен кездерім болса, кешірім сұраймын. Енді сіз тек қана бақытты өмір сүру керексіз. Мен сізді қатты жақсы көремін", - деді Қайрат Нұртас.
Желі қолданушылары да әртістің тілегінен ерекше әсер алғандарын жасырмады. Олардың кейбірі тіпті аталмыш видеоны көргеннен кейін көздеріне жас келгенін жазды.
"Өте әсерлі тілек болды", "Қайраттың тілегі жүрекке жетті", "Гүлзира ханым тұрмақ менің де жылағым келіп кетті", "Аналарымызды уақытылы құрметтейік. Бәріміз бұл өмірде уақытша жүрген пендеміз. Аналардың қадірін әрқашан білу керек", "Өте дұрыс айтылған сөз. Соңында тек аналарымызға ғана керек болып қаламыз", - деп жазуда халық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1964652-qasynda-tek-anan-gana-qalady-qairat-nurtas-anasyna-tilek-aityp-ony-zylatyp-qoidy-video/