Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылап қалды": Төреғали Төреәлі Америкадан келген қарындасына тосынсый жасады (видео)

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Фото: Instagram/toregalitoreali

Төреғали Төреәлі Америкадан Қазақстанға бірнеше күнге келген қарындасы мен күйеубаласына тосынсый жасап қуантты. Ол келіншегімен бірге елордаға арнайы барып, оларды таңғалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төреғали Төреәлі аса әсерлі отбасылық сәтін Instagram парақшасында бөлісті. Өнер иесі бауырлары отырған жерге кенеттен кіріп келіп, оларды қатты таңғалдырған. Ағасы мен жеңгесінің мұндай тосынсыйын күтпеген Фариза Төреәлі отырған жерінен тұра алмай, жылап қалды.

"Алыстан келген бауырларымызды іздеп Нұр-Сұлтанға келіп қалдық. Қайда жүрсеңдер де Алла жар болсын алтындарым", - деп жазды ол.

Фариза Төреәлі де өз парақшасында алған әсерімен бөлісті.

"Жұмыс бабымен өзіміз Нұр-Сұлтанға 2 күнге келіп едік, жағдайыма байланысты тағы қалу керек болды. Соны біліп ағам мен жеңгем күтпеген жерден тосын-сый жасап қатты қуантты. Қатты сағынғаным сонша көңілім босап кетті. Қанша күннен бері Ағабайды сағындым деп жүрген едім. Бауыр деген. Қауышып, сырласып бір марқайып қалдық. Аллам ең жақсы күндерде жүздесуді нәсіп қылсын, келгендеріңіз үшін көп рахмет жандарым", - деп жазды блогер.

Айта кетерлігі, Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі Қазақстанға бірнеше күнге ғана келген. Кейін олар қайтадан Америкаға ұшады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966069-zylap-qaldy-toregali-toreali-amerikadan-kelgen-qaryndasyna-tosynsyi-zasady-video/