Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қателеспейтін адам жоқ": Димашты сынға алған Бақыт Шадаева кешірім сұрады (видео)

Жарияланған күні:

Бақыт Шадаева
Фото: Instagram/bakhyt_shadayeva

Отандық танымал әнші Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергенге қатысты пікір білдірген сұхбатынан соң көпшіліктен кешірім сұрады. Өнер иесі қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген әнші жайлы не себепті олай айтқанын түсіндіруге тырысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бақыт Шадаева "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "1001 түн" бағдарламасына сұхбат беріп, даулы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол Димаш жайлы айтқан сөздері бұрмаланып кеткенін жеткізді.

"Менің сөзімді бұрмалап жіберу басқа мәселе. Видео жайлы айтатын болсам, оны үзіп алып, бұрмалап жіберген. Мен Димашты кішкентай кезінен бері білемін. Көз алдымызда туған бала ғой. Ол дүниеге келмей тұрып, әкесімен бірге "Жас қанат" байқауына қатысқанбыз. Содан кейін Димаш туылды, көз алдымызда өсті. Таланты мықты бала.

Оның ерекшелігін кішкентай кезінен байқайтынмын. Осы арада ол көп сынға түсті, қазақ елі оны қабылдамай жатты. Ол көптеген тосқауылдан өтті. Есейген уақытта "Жас қанатқа" қатысты. Ол жерде де көптеген сынға ұшырады. Димаштың дауысының ерекшелігін, диапазонының кеңдігін сол кезде білдім. Мен өзім сол кезде оған қолдау көрсеткенмін. Ал сұхбатқа келетін болсақ, менің ойымды дұрыс түсінбеген болар. Мен сөздерімді орысшадан қазақшаға аударып барып, ойымды жеткіземін", - деді ол.

Өнер иесі бұл сынын "білім алу ешқашан артық етпейді" деген оймен айтқанын алға тартты.

"Мен өзім вокал мектебін ашайын деп жатырмын. Дауысы бар, болашағы зор балаларды жастайынан ашу керек. Ол есейген шақта бір-екі жыл айналысқан мектебі аз болады. Біз әншілер әрдайым дауыс қою дегенмен айналысып отырамыз. Сол себепті бұл кеңес ретінде айтылған сөз болды", - деді Шадаева.

Сонымен қатар әртіс Димаштың жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Оның сөзінше, аталмыш сұхбатынан кейін өзіне жағымсыз пікірлер жазушылар көбейіп кеткен.

"Құрметті халайық, мына ортадағы адамдар сөзімді асыра сілтеп, оны хайп қылып, сіздерге жеткізіп жатыр. Ал оны жалғастырып жатқан сіздерден де кінә бар. Ал өзім жайлы айтсам, біз өнер адамдары бір-бірімізге ондай сын айтуға, естуге дайын болуымыз керек. Оқу, білім алу деген ешқашан артық болмайды. Димаш жайлы сөзді аузыма құдай салып тұрса, не деймін енді.

Жанкүйерлерінен кешірім сұраймын. Димашты біз бүкіл жанұямызбен жақсы көреміз. Жанашырлық танытып, уақытында бастасын деп айтылған дүние. Солай болып қалды. Аузыма салынған дүние болды.

Мәселе балағаттауда емес қой. Мен ол кезде Жанмен сөйлесіп отырған кезде, өзіміз ғой деп айтылған әңгіме. Жанкүйерлерінен кешірім сұраймын. Расымен ауыр пікірлер жазылды. Қателеспейтін адам бар ма? Бәріміз қателіктен, сыннан өтеміз. Қанша дүние болғанымен кешірімді болу керек", - деп ойын тарқатты әнші.

Айта кетейік, Бақыт Шадаева өз сұхбатында Димаш Құдайбергенді сынға алған еді. Әнші оның дауысы қойылмағанын айтып, оған өмірлік жолдаманы өзі бергенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966108-qatelespeitin-adam-zoq-dimasty-synga-algan-baqyt-sadaeva-kesirim-surady-video/