Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр ата-ананың жанына батады": Ерлан Орынбасаров балаларды неге балағаттағанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Ерлан Орынбасаров
Фото: Instagram/erlan_orynbasarov

Әлеуметтік желілерде танымал әнші Ерлан Орынбасаровтың даулы видеосы тарап, ел арасында шу тудырды. Бейнежазбада өнер иесінің балаларды балағаттап жатқанын көруге болады. Әртіс басынан өткен даулы оқиғаны түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, оқиға әнші тұратын үйдің ауласында орын алған. Видеода ол ересек балаларға әлденені түсіндіріп, кейін ұрыса жөнелгені көрініс тапты.

Бейнежазба бірден желіде тарап, елдің қызу талқысын тудырды.

Кейіннен Ерлан Орынбасаров Instagram парақшасында жазба жариялап, не себепті мұндай қадамға барғанын айтты. 

"6 жасар балаңыздың толықтығын орысшалап балағаттап, күнде кемсітіп, достарының арасынан 14-16 жастағы ересек балалар қуып жіберсе, әрбір ата-ананың жанына батады… Осындайда сіз эмоцияңызға ие бола аласыз ба?", – деп жазды ол.

Желідегілер оқиғаның мән-жайын білген соң өнер иесіне қолдау білдірді.

"Ешкімнің менің баламның жеке тұлғасына өтіп, тіл тигізуге хақысы жоқ", "Балаңыз өте жақсы тәрбиеленген, томпақ өзі тәтті, ғұмырлы болсын. Бақытты болсын", "Мен жанын шығарар ем. Қазіргі балалар қатыгез, өйткені тәрбие жоқ үйден. Баланы бастан, тәрбие талбесіктен деген ұғым жоқ, екі аяқты хайуанға айналып бара жатырмыз", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1966295-ar-ata-ananyn-zanyna-batady-erlan-orynbasarov-balalardy-nege-balagattaganyn-tusindirdi/