"Әкесінен айнымайды": Айжұлдыз Адайбекова алғаш рет қалың көпшілікке ұлын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал дизайнер Айжұлдыз Адайбекова алғаш рет қалың көпшілікке ұлын көрсетті. Жас ана перзентінің бір жасқа толуына орай, желіде оның суреттерін жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айжұлдыз Адайбекова ұлымен жасаған ерекше фотосессиясын Instagram парақшасында жария етті.

"Бір жыл да зымырап өтіп кетіпті. Туған күніңмен, махаббатым", - деп жазды жұлдызды ана.

Желі қолданушылары Жанар Айжанованың немересіне жылы лебізін білдіруде. Олардың басым көпшілігі сәби анасынан гөрі әкесіне қатты ұқсайтынын жазуда.

"Тіл көзден аман болсын. Тәтті балақай", "Әкесінен айнымайды ғой", "Сізге қатты ұқсамапты. Тура әкесінің көшірмесі екен", "Туған күндеріңізбен. Ғұмырлы болсын! Жолы ашық, алар асуы көп болсын", "Қан жібермейді деген рас. Әкесіне ұқсап тұр ғой қатты", "Үлкен азамат болып өссін", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1968694-akesinen-ainymaidy-aizuldyz-adaibekova-algas-ret-qalyn-kopsilikke-ulyn-korsetti-foto/

jitsu gif