Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Содан кейін бала көтермедім": Актриса Шынар Асқарова жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Шынар Асқарова
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Отандық танымал актриса Шынар Асқарова қызынан кейін не себепті ұзақ жылдар бойы бала көтере алмағанын ашық айтты. Өнер иесі бұған дейін еш жерде ашпаған жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шынар Асқарова басынан өткен ауыр жағдайды "Менің өмірім" бағдарламасында баяндап берді. Өнер иесі бір қателік салдарынан бала сүйе алмай қалғанын айтты.

"Балаларым көп болса екен деп армандайтынмын. Алла бір қызды бұйыртты. Соған да тәубе деймін. Он қызға татитын бір қызым бар. Одан кейін бала көтермедім емес, көтердім. Бірақ медициналық жақтан, менің тарапымнан да қателік болды. Сондай жағдайлардан кейін бала көтере алмайтын деңгейге жеттім. Сондай болып қалды. Бірақ қатты қателік деп оларға жабуға болмайды. Себебі мен де білмегенмін. Қазір медицина дамыған ғой. Бәрін жіті тексереді. Ал біздің кезде әлсіздеу болды.

Маған түсік тастатты. Мен аяғым ауыр екенін білмеймін. Сол кезде олар маған бір екпені салып жібереді. Өздерінің реттік екпелері болатын. Сол кезде жұмысқа, театрға келіп тұрып, бәрімізге салған. Мен құрсағымда сәби бар екенін білмегенмін. Болғанына екі апта ғана екен. Содан кейін бала көтермедім. Бармаған жерім жоқ. Емделдік, тексерілдік. Болады деді. Бірақ бұйырмады", - деп ағынан жарылды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970075-sodan-keiin-bala-kotermedim-aktrisa-synar-asqarova-zan-syryn-aqtardy/