Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айыппұл 3 миллион теңге": Серік Ибрагимов "Маска" шоуы туралы айтты

Жарияланған күні:

Серік Ибрагимов
Видеодан кадр: Youtube/НТК

Әнші Серік Ибрагимов өзі қатысқан "Маска" шоуына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі аталмыш жобада бірқатар қиындыққа тап болғанын жасырмады. Ол өзін әлдекімдердің қатты ренжіткенін де айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Серік Ибрагимов көрерменнің ыстық ықыласына бөленген шоу туралы "НТК" арнасына берген сұхбатында айтып берді.

Әртістің сөзінше, жобаға қатысатын әрбір адам арнайы келісімшартқа отырады. Оның шарттарын сақтамаған адамға 3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады екен.

"Жоба барысында біраз қиындықтар болды. Бір кісілерді қатты ренжітіп қойдым. Сосын кешірім сұрадым. Бір кісілер мені қатты ренжітті. Сол дүниеге қатысы бар адамдар. Көрермендерге ешқандай реніш жоқ. Әр бағдарлама сайын мені қолдап, жігерлендіріп тұрды.

Кей адам менің кім екенімді біліп қойған секілді болып, сондай нәрсе істеп қойды. Осындай дүниелер болып қалды. Өзім айтқаным жоқ. Айтуға болмайды. Жоба шарты сондай. Келісімшарт бар. Айыппұл 3 немесе 5 миллион теңге. Бұл ақшаны өз қалтаңнан төлейсің", - деді Ибрагимов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970772-aiyppul-3-million-tenge-serik-ibragimov-maska-souy-turaly-aitty/