"Жүрегім жарылып кете жаздады": Димаш Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне ерекше сәлемдеме жолдады (видео)
Жарияланған күні:
Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі желіде отағасының Димаш Құдайбергенмен түскен видеосын бөлісті. Онда әлемді ғажайып дауысымен таңдай қақтырып жүрген әнші жеңгесіне ерекше сәлемдеме жолдап, өз сағынышын жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мөлдір Мұқанова күйеуінен келген видеоға аса қатты қуанып, одан ерекше әсер алғанын жасырмады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтып берді.
Димаш жұлдызды жанұямен қауышпағанына бірнеше жыл болғанын айтып, алдағы уақытта бір дастарханда бас қосу керектігін жеткізді.
"Мына видеоны Тұрсынбек жібергенде қуанғаннан жүрегім жарылып кете жаздаған. Ол сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Димашты жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, иә. Барлық қазақ мақтансын деп бере салған ғой бізге Димашты. Аман бол, Димашжан", - деп жазды Мұқанова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971276-zuregim-zarylyp-kete-zazdady-dimas-tursynbek-qabatovtyn-aieline-erekse-salemdeme-zoldady-video/