Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алланың сынағымен келді": Белгілі әзілкеш отбасындағы қиындықтары туралы сыр шертті

Жарияланған күні:

Жұмабек Құдіретолла
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

"Өнер қырандары" театрының актері Жұмабек Құдіретолла өз отбасылық өмірі жайлы бар шындықты айтты. Өнер иесі басынан өткен қиындықтары мен қызықтары туралы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.

Жұмабек Құдіретолла әйелімен базарда танысқан болып шықты. Ол ата-анасын сыйлайтын жақсы жар жолықтыруды Алладан сұрап, дұға еткен.

Әзілкештің тілегі орындалып, ол өзінің өмірлік серігіне тап болған. Бүгінде олар төрт баланы тәрбиелеп отыр.

"Мен оны сырттай іздедім. Үшінші рет барып таппадым. Содан арада 1 жыл уақыт өтті. Бір күні сол маңнан айқайлаған дауысынан таныдым. Мен ол кезде басқа зат іздеп жүргенмін. Дәл сол қыз мені танып амандасты. Солай сөйлесе бастадық. Телефонмен сөйлестік. Мен оған шариғат бойынша үйленгім келетінін айттым. Ол да келісті. Бүгінде, Аллаға шүкір, 4 баланың ата-анасымыз", – деді ол. 

Оған қоса Жұмабек Құдіретолла өз балалары туралы айтып берді. Ол ұлы мен қызы Алланың сынағымен келгенін жеткізді.

"Екінші ұлым Алланың сынағымен келді. Барлық жерге емдеттік. Бастысы, таза ауа керек болды. Сол үшін Есік қаласына көшіп бардық. Баламның беті бері қарады. Қазір 8 жаста. Оның диагнозындағы балалардың көпшілігі о дүниелік болып кеткен. Аллаға шүкір деймін. Кейін әйелім қызыма жүкті кезде қалаға көшіп келдік.

Әйелім қызымның 4 айынан бастап оны дәрігерге қаратайық деді. Өзі әлдене сезгендей болды. Бұл дәрігерлердің қателігінен болды. Себебі, қызымды уақытынан асып босандырған еді.

Әйелім кесір тілігі арқылы босануы керек еді. Оған дәрігерлер көнбепті. Кейін уақыты асып кеткенде ауа жетіспеушілігі болды. Одан басы қысылып, ет өскен. Содан талып қалатынды шығарды. Түркияға барып емделдік. Әлі де барып жүрміз. Қазір жағдайы жақсарып қалды. Әрбір жамандықтан кейін жақсылық келеді. Барлық балам ерекше. Бәрі ақылды. Ең кенжем – қыз бала", - деді әзілкеш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971733-allanyn-synagymen-keldi-belgili-azilkes-otbasyndagy-qiyndyqtary-turaly-syr-sertti/