Жазира Байырбекова: Әжем біздің қазақша сөйлегеніміз үшін көршілерінен ыңғайсызданатын
Жарияланған күні:
Әнші Жазира Байырбекова ата-анасы туралы айтып, балалық шағын есіне алды. Сөзінше, әжесі оның қазақша сөйлегеніне ел-жұрттан ыңғайсызданып, оған орысша үйретуге тырысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жазира Байырбекова бұл естелігін Instagram парақшасында бөлісті. Ол анасы қаланың қызы болғанымен, ауылға келін болып түскенін айтты. Нәтижесінде орыс тілді ару нағыз қазақи келіншекке айналған.
Өнер иесі бұл жазбасымен тіл мәселесін көтеріп, оның маңыздылығын атап өтті.
"Менің анам да Алматы қаласында туып өскен, орыс тілді қыз болған. Әкеме тұрмысқа шығып, ауылда қалып, таза қазақтілді ана болды. Бала күнімізде Алматыға нағашы әжемнің үйіне қыдырып келгенде, әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен, автобустағы халықтан ыңғайсызданып, бізге орысша үйретіп әуреленетін. Аллаға шүкір! Ол кезге қарағанда қазір ана тілімізге деген құрмет бар.
Әлі де қазақтың бәрі қазақша сөйлей алмай жүргеніне халық кінәлі емес. Үкімет кінәлі", - деп жазды Байырбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1972900-zazira-baiyrbekova-azem-bizdin-qazaqsa-soilegenimiz-usin-korsilerinen-yngaisyzdanatyn/