"Тозаққа барып келгендеймін": Жақында ана атанған Джуринская босану кезіндегі қиындықтарды айтты
Жарияланған күні:
Жақында ғана тұңғышын дүниеге әкелген Жәния Джуринская өмірге сәби әкелгендегі қиындықтары туралы айтып берді. Актриса баланы өмірге әкелуді "тозаққа түсумен" теңеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Өнер иесі қызын қалай босанғанын әңгімелеп берді. Айтуынша, қазіргі таңда оның әйелдер қауымына деген құрметі артқан. Бұл туралы ол Instagram парақшасында баяндады.
"Жүкті келіншектерді немесе бала жоспарлап жүргендерді шошытқым келмейді, бірақ босану оңай емес. Қазір өмірге сәби әкелген әр әйелге мен "соғыс ардагері" ретінде қараймын. Енді аналарға деген құрметім шексіз. Әркез әйелдерді қолдаймын. Соңына дейін. Айтпақшы, "баланы көргенде, бәрін ұмытып кетесің" деген сөз де бос екен", - дейді Джуринская.
Актриса босану кезінде қасында болып, қолдау білдірген күйеуін ренжітіп алған.
"Таңғы уақыт. Система қойды. Шамам жоқ. Ақырындап толғақ басталды. Тозаққа апара бара жатқандай сезім. Ішімнің төмен жағының ауырғанын бара-бара қатты сезінудемін. Ал арада екі сағат өткен соң, бес минут сайын жатырыңды жұлып, қайта салып жатқандай.
Мұның бәрі аздай, келіншектердің дауысы қорқынышымды үдете түсті. Мен ауырғанды басатын екпе салыңдар немесе мені өлтіре салыңдаршы деп сұрадым. Толғақ кезінде не істеу керектігін айтып, ақылгөйсінген күйеуіме бірнеше рет ұрысып тастадым. Ол да ренжіп үлгерді. Мұның қаншалықты ауыр екенін тек әйел адам түсіне алады", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975363-tozaqqa-baryp-kelgendeimin-zaqynda-ana-atangan-dzurinskaya-bosanu-kezindegi-qiyndyqtaryn-aitty/