"Үш ереже туралы естідіңіз бе?": Санжар Мәди қиындыққа тап болғандарға өз кеңесін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық актер Санжар Мәди әлеуметтік желіде оқырмандарына алға қойған мақсатқа жету үшін қандай дағдылар қолдану керектігі жөнінде кеңес берді. Актер жанкүйерлерін қиындыққа тап болғанда еңсесін түсірмеуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Сіз үш ереже туралы естідіңіз бе? Шағымданбаймыз, кінәламаймыз, ақталмаймыз. Мақсатқа қол жеткізуде өте пайдалы дағдылар", – деп бөлісті Санжар Instagram-дағы оқырмандарымен.
Әлеуметтік желі қолданушылары Санжардың кеңесімен қатар, оның жаңа фотосуретін де жақсы бағалады.
"Құдайым-ау, Санжик, сен сондай әдемісің!", "Жақында, Алматыға барғанда сізді сыртыңыздан көріп қалдым, өте сымбаттысыз және стильді киінеді екенсіз", "Сізбен келісемін", "Дәл айтылған", – деп актердің жанкүйерлері жарыса пікір қалдырған.
Актердің жазбалары әрдайым көптеген "лайк" пен пікір жинайды. Санжар желідегі парақшасында жаңа фотосессияларын, өміріндегі қызықты сәттерін ғана емес, өз ойын да жиі ортаға салып отырады. Оның соңғы жазбаларының бірі көптеген оқырманын ойландырып қойды.
"Сенде де проблема бар ма? Мастер-класстан кейін осындай сұрақ қойылады. Әрине, бар. Менің айналамда әр түрлі жастағы, түрлі әлеуметтік деңгейдегі адамдар бар. Мен сізге олардың әрқайсысында өз проблемасы барын жүз пайыз дәлдікпен айтамын. Байлардың өз уайымы бар (неғұрлым бай болса, соғұрлым көп), орта және төменгі тапта да дәл солай. Діндарлардың өз проблемасы бар, агностиктер мен атеистерде де жоқ емес. Арық пен семіз, фитнеспен тұрақты айналысатындарда да уайым бар. Отбасылы және жалғызбасты жандар, көпбалалы және баласыз, дені сау және науқас адамда да, яғни әркімнің жеке басында проблема бар. Қазір әркім өз шайқасында күресуде. Сен бұл күресте жалғыз емессің. Одан абыроймен шығу маңызды! Қолыңды сілтей салма! Өзіңе сен! Сенің қолыңнан бәрі келеді! Әдетте мен өзіме осылай айтамын. Бұл саған да көмектеседі деп үміттенемін", – деп ойын түйіндеді актер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978300-us-ereze-turaly-estidiniz-be-sanzar-madi-qiyndyqqa-tap-bolgandarga-oz-kenesin-aitty/