"Ұят екен": Шомылу киімімен суретке түскен Мадина Сәдуақасова елден сөз естіді
Жарияланған күні:
Бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатқан Мадина Сәдуақасова желіде жаңа суреттер жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Ол қалың көпшілік назарына шомылу киімімен түскен ашық образын паш еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мадина Сәдуақасова ыстық мекендегі фотоларын Instagram парақшасында бөліскен. Онда әртістің шомылу киімімен бассейн маңында тұрғанын көруге болады.
Сөзінше, суреттер таңғы ас кезінде түсірілген.
"Қыздар , мынандай таңғы ас арман ғой. Күштісін- ай", - деп жазды әнші.
Алайда өнер иесінің мұндай образы желі қолданушыларына ұнамай қалған көрінеді. Оқырмандар оның әрекетін аса ерсі санап, оны қатаң сынға алған.
"Ұят екен. Күйеуі, қайын-жұрты, өз жұрты көреді ғой", "Бірінші сурет ұнамады", "Ұяттау екен. Демала беріңіз, бірақ мынадай фото салмаңызшы", "Қырықтан асып қыр шығардың-ау", "Сізге тіпті жараспайды", "Қаншама ақын, жасы үлкен әнші ағалар бар. Мына суретті көріп не деді екен? Шаруам жоқ,әрине. Бірақ сізді қазақтың Мадинасы деп таниды емес пе?", "Бірінші фото тым ерсі екен", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979551-uyat-eken-somylu-kiimimen-suretke-tusken-madina-saduaqasova-elden-soz-estidi/