Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сығанға ұқсап қалған": Өзгеріп кеткен Бүркітті ел танымай қалды (видео)

Опубликовано:

Аиша мен Бүркіт
Фото: Instagram/berkut_aibekjan

Әнші Бүркіт желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарын қатты таңғалдырды. Желі қолданушылары өзгеріп кеткен әртісті танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүркіт аталмыш бейнежазбаны Instagram парақшасында бөліскен. Онда стиліне өзгеріс енгізген әншінің судан шығып жатқанын көруге болады.

"Қараңыздар қалай өзгере алатынымды. Мында біреуге қатты ұқсап тұрмын. Бірақ кімге екенін өзім ұқпай тұрмын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары сақал мен мұрт өсіріп алған әртісті танымай қалған. Бірі оның өзгерісіне риза болса, енді бірі әншіні танымал түрік және үнді актерларына ұқсатты.

"Сығанға ұқсап қалған", "Басында танымай қалдым. Расымен мексикалық кинодағы актер сияқты болып қалғансыз", "Сымбатты болып кетіпсіз. Сізге жарасады", "Дон Айбек", "Түрік актері деп қалдым", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979722-syganga-uqsap-qalgan-ozgerip-ketken-burkitti-el-tanymai-qaldy-video/