Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Немерем бар": Әнші Рүстем Нұржігіт жанұясы жайлы жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Рүстем Нұржігіт
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Қазақстандық танымал әнші Рүстем Нұржігіт алғаш рет ашыла сұхбат беріп, өз жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі екі рет үйленгенін растап, бүгінде 44 жасында ата атанғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рүстем Нұржігіт отбасылық өміріне қатысты жан сырын "Менің өмірім" бағдарламасында ақтарған. Эстрада жұлдызы екінші мәрте үйленгенін мойындап, бірінші отбасымен қарым-қатынасы қандай екенін айтты.

Белгілі болғандай жақында әншінің немересі өмірге келген. Оның бірінші некеден туған қызы сәбилі болған.

"1995 жылы бір рет үйлендім, бір себептермен ажырасып, кейін басқа жанұя құрдым. Қызым 25-тен асты. Жақында сәбилі болды. Өзім балажанмын. Ажырасқанымызбен, қызыммен арамыз үзілген емес. Қазір барлық жұмысым, назарым бір адамда. Ол менің кенже ұлым. Соны оқытып-тоқытып, бағып жатырмын. Ал қызымның анасымен араласпаймын. Тұрмысқа шыққан, шықпағанын білмеймін. Тек "сәлем", "сау бол". Оның өзінің жеке өмірі бар. Бірақ сәлеміміз түзу. Өйткені қызымның анасы", - деі ол.

Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Динара Сәтжан да жеке өміріне қатысты бар шындықты айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980227-nemerem-bar-ansi-rustem-nurzigit-zanuyasy-zaily-zan-syryn-aqtardy/