Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Армандарымды орындаймын": Әнші Индира Еділбаева Еуропаға кетейін деп жатқанын айтты

Опубликовано:

Индира Еділбаева
Фото: Instagram/indi_edilbayeva

Отандық танымал әнші Индира Еділбаева алдағы уақытта Еуропаға жол тартып, асқақ армандарын орындамақ. Өнер иесі бұл сапары өзі үшін аса ерекше екенін атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Индира Еділбаева бұл жаңалығын Instagram парақшасында жария етті.

"Бірінші керемет жаңалығым. Маған виза рәсімделді. Енді мен Еуропаға барып, өзімнің екі асқақ арманымды орындамақпын. Алайда олар жайлы кейінірек айтып беремін. Еуропада мен тек 2005 жылы Милан қаласында ғана болдым. Сол себепті бұл сапарым аса ерекше болмақ", - деді ол.

Индира Еділбаеваның Stories-i
Скриншот: Instagram/indi_edilbayeva

Оған қоса әнші жақын арада өзіне көлік сатып алмақшы екенін айтты. Ол қазіргі уақытта таңдау үстінде екенін жеткізді.

"Жақында көлік жүргізу курсына жазылғанымды айтқан едім. Енді мен көлік жүргізе алатын болдым. Әрине, мен өзіме алғашқы көлігімді сатып алмақпын. Бұл аса маңызды сәт", - деді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980425-armandarymdy-oryndaimyn-ansi-indira-edilbaeva-europaga-keteiin-dep-zatqanyn-aitty/

pixel