Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова күйеуімен Абу-Дабиде қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова жолдасымен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова отандық өнер өкілдерінен қалыспай, жазғы демалысын шетелде өткізуді жөн көрген. Сөзінше, бұл саяхатқа оны күйеуі Нұртас Айдарбеков алып барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова шетелге аттанғаны туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды. Продюсер Абу-Даби қаласынан видео жариялап, аяқ асты Біріккен Араб Әмірліктеріне келіп қалғанын айтты.

Оның сөзінше, бұл жолы демалыстың қамын күйеуі Нұртас Айдарбеков ойластырған. Ол өзі шетелге шығуды ұнатпаса да, келіншегін демалдырып қайтуды шешкен.

Ерлі-зайыпты Абу-Даби қаласындағы қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Айдарбекова тіпті өз оқырмандарына бөлмелерін де көрсетіп үлгерді.

"Шет елге саяхаттауды ұнатпаймын деп жүрген Нүрекең, демалғың келіп жүрсе өзім ақ алып барайын деп ,билеттерімізді жылдам дайындатып осында келіп қалдық. Арқа сүйер асқар тауымыз аман болсын", - деп алғысын білдірді продюсер.

Айта кетейік, бүгінде Қайрат Нұртас та өз отбасымен шетелде демалып жатыр. Жұлдызды жанұя Түркия елінде саяхаттап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980588-gulzira-aidarbekova-kuieuimen-abu-dabide-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-video/