"Әдемі жұп": Әнші Жеңіс Ысқақова көпшілікке күйеуін көрсетті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова желіде жаңа видеоны бөлісіп, қалың көпшілікке өз күйеуін көрсетті. Ерлі-зайыптының бейнежазбасы бірден елдің қызу талқысына түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жеңіс Ысқақова көпшілік қызығушылығын тудырған видеоны Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда әншінің күйеуімен мерекелік шараға қатысқанын көруге болады. Ерлі-зайыпты қызыл кілеммен жүріп өтіп, ел назарын өздеріне аударды.
Желі қолданушылары әртістің күйеуін алғаш көргендерін жазып, оларға өз жылы лебізін білдірді.
"Әдемі жұп, сымбатты күйеу. Жарасып тұрсыздар, бақытты отбасы эталоны", "Жолдасы жас көрінеді екен", "Сымбатты кісі екен жолдасы", "Күйеуіңізді бірінші рет көріп тұрмыз", "Күйеуіңіз жас екен", "Қандай әдемісіздер", "Жездеміз сымбатты азамат екен", – деп тамсанды оқырмандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981260-ademi-zup-ansi-zenis-ysqaqova-kopsilikke-kuieuin-korsetti-video/