"Ата-анасы қарсы болды": Айнұр Жүгінісова жас келіні туралы айтты
Жарияланған күні:
Ағайынды Жүгінісовтердің анасы кенже келіні туралы бар шындықты айтты. Айнұр Жүгінісованың өзінше, кенже ұлы небәрі 16 жастағы аруды жар еткен. Бастапқыда қыздың ата-анасы қарсылық білдіргенімен, кейін ақ батасын берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айнұр Жүгінісова кенже баласы Мұхаммедәлидің шаңырақ көтеруі жайлы айтып берді. Айтуынша, қос ғашық екі жылдай қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрген. Кейін жұлдызды ата-ана ұлын үйлендіруді шешкен.
Алайда бойжеткеннің отбасы бастапқыда қарсы болған. Оған қыздың жасы себеп болса керек. Жүгінісованың сөзінше, ұлы таңдаған ару небәрі 16 жасында келін атанған.
"Бұлардікі нағыз қазақша болды. Екеуі екі жыл достасып, бір-бірін біліп жүрді. Екеуінің бір-біріне деген махаббаты үлкен болғаннан кейін, жүргізе беруге қорықтық. Өйткені мына бала анда жүгіреді, мұнда жүгіреді, дамыл жоқ. Алматы десе, Алматыға кетіп қалады. Келін Алматының қызы. Қой, екеуін үйлендірейік дедік. Қыздың ата-анасы қарсы болды, әрине. Оңай болған жоқ. Атасы да қарсы болды. Бірақ қыз да кетем деп тұрғаннан кейін, кетемін деген қызды ұстамады", - деді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981750-ata-anasy-qarsy-boldy-ainur-zuginisova-zas-kelini-turaly-aitty/