Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оған жаным ашиды": Атышулы Байзақованың інісі оның сүйіктісі жайлы айтып берді

Жарияланған күні:

Әлихан Байзақов
Фото: Instagram/baizaakov

Отандық танымал блогер Әлихан Байзақов атышулы әпкесінің жаңа сүйіктісіне қатысты пікір білдірді. Желі жұлдызы оған жаны ашитынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айжан Байзақова өзінің Instagram парақшасында інісіне оқырмандары жолдаған сұрақтарды оқып берді. Олардың бірі Әлиханнан әпкесінің сүйіктісі жайлы ойын сұрады.

"Біріншіден, оған жаным ашиды. Сенің мінезіңе шыдау оған қиын болады. Негізі онымен жағымсыз жағдайда танысып қалдық. Дегенмен ол жақсы адам", - деді блогер.

Ал Айжан Байзақованың анасы қызының таңдауын толық қолдайтын болып шықты.

"Бастысы анама ұнайды. Менің мінезім жайлы", - деді Байзақова.

Айта кетейік, бұған дейін Айжан Байзақованың жол апатына түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981890-ogan-zanym-asidy-atysuly-baizaqovanyn-inisi-onyn-suiiktisi-zaily-aityp-berdi/