"Дубай, теңіз, қымбат қонақүй": еліміздің танымал әншілері жазғы демалысты қайда өткізді
Жарияланған күні:
Жаздың соңғы айы да бел ортасына жетті. Той мен мерекелік концерттен қолы босаған шоу-бизнес өкілдері шетел асып, күн астында қыздырынып қайтуда. KAZ.NUR.KZ тілшісі әншілердің биыл жазда қайда демалғанын анықтап көрді.
Салтанат Бақаева үшін шетелдегі демалыс ерекше өтті. Себебі ол алғаш рет Дубайға төрт баласын да ертіп барған. Бұрын-соңды балаларын толық құраммен шетелге апармаған ол демалыстың ойдағыдай екенін, алайда қиындықтар кездескенін айтады.
"Шын мәнінде бұл демалыс естен кетпейтін ерекше демалыс болды! Бірінші рет балалардың бәрін алып, шетелде қыдырдық! Әрине оңай болды деп айта алмаймын. Дегенмен өмір осындайымен қызық емес пе?", - дейді Бақаева.
Бүркіт пен Аиша биылғы демалысқа Түркияның Кемер қаласындағы элиталы қонақ үйді таңдады.
"Мөлдір су, бассейннің түр-түрі бар! Таңертеңнен кешке дейін үйіліп-төгілген тамағы бар. Тамаша!", - деп жазды Бүркіт.
Әншілердің басым бөлігі жазғы демалысты өткізу үшін Түркияны таңдаған. "Кешью" тобының бұрынғы мүшесі Ақбота Нұрабайқызы ұлымен бірге Стамбулда, Алтынай Жорабаева отбасымен Аланьяда демалды. Жақында ана атанған Жания Джуринская да кішкентай қызымен Түркия елін таңдаған.
Отбасылық өмірі көпшілікті алаңдатқан Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова жазғы демалысты Дубайда бірге өткізді. Олар Біріккен Араб Әмірлігіне төрт баласын ертіп барған. Әншінің ата-анасы да сол елде көңіл көтеруді жөн көрген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1983292-dubai-teniz-qymbat-qonaqui-elimizdin-tanymal-ansileri-zazgy-demalysty-qaida-otkizdi/