Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отандық өнімдердің бәрі қымбат": Дариға Бадықова қазақстандық өнім өндірушілерге шүйлікті

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова отандық өнімдердің қымбаттығына шүйлігіп, өз наразылығын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова бұл мәселеге қатысты өз ойын Instagram парақшасында айтқан. Ол отандық өнімдерге қолдау білдіргісі келгенімен, олардың бағасы тым қымбат екенін атап өтті.

"Өзіміздің отандық өнімдердің бәрі қымбат. Отандық өнімді жарнамалаңызшы дейді. Баға деген айда тұрады. "Қымбат қой" десең, өзіміз тігеміз дейді. Басқа елде өздері тікпей ме екен деймін. Сол отандық өнімді өзімізде көбісі кие алмайды. Себебі қымбат. Ақша салатын әмиянның өзі жиырма мыңнан басталады. "Бұл - таза былғары ғой, сосын осындай" дейді. Басқа жақта да былғары. Енді "тез көтерілу үшін, әлемге бренд етіп таныту үшін өз еліңнің ішінде арзанға қойсайшы" деймін. Әуелі өз елің танымайды, сенің дүкеніңді. Аяқ киімдерді айтпасам да түсінікті.⠀

Германияда жүргенде сол немістер шығаратын іші сырты былғары етікті, 10000 теңгеге алдым️. Әлі тұр. Олар да өздері тігеді.

"Енді олар мықты ғой" деген сылтау айтады. Бізде кез келген нәрсеге сылтау бар. Талпыну деген атауымен жоқ. Бірақ ешкімді менсінбейміз. Көкірекке нан пісіп кеткен. Көкіректі ашсаң - қуыс кеуде", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985890-otandyq-onimderdin-bari-qymbat-dariga-badyqova-qazaqstandyq-onim-ondirusilerge-suilikti/