Атышулы "Қалаулымда" қосылған жұп ата-ана атанды (фото)
Жарияланған күні:
"Қалаулым" жобасының арқасында қосылған Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова ата-ана атанды. Атышулы бағдарламада табысқан ерлі-зайыпты ұлды болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қуанышты жаңалықты жас ата-ана Instagram парақшасында бөліскен. Шынар Меджанова перзентханадан алғашқы фотосын жариялап, елден сүйінші сұрады.
"Алла бере салғаным, қош келдің. Иісің неткен ерекше", - деп жазды ол.
Ислам Алтайбаев та өзіне ұл бала сыйлаған келіншегіне алғысын білдіріп, құттықтап жатқан барша жанға рахмет айтты.
"Аллаға сансыз шүкір. Құттықтаулар алып жатырмын. Салиқалы ұрпақтан болсын. Ұлды аман-есен туып бергені үшін анасына рахмет. Адамның дегені емес, Алланың қалағаны болады деген осы шығар", - деп жазды ол.
Белгілі болғандай, Шынар Меджанова өзінің туған қаласы Семейде босанған. Ал ұлының әкесі қазіргі уақытта Қызылордада жүр.
Оған қоса ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп тастаған. Жас ата-ана әзірге бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986540-atysuly-qalaulymda-qosylgan-zup-ata-ana-atandy-foto/