Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллионның бірінде болатын сырқат": Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр дертке шалдыққанын айтты

Жарияланған күні:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Фото: Instagram/zhuldizay_duisenbieva

Қазақстандық танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева қалың көпшілікке жан сырын ақтарып, өзінің айықпас дертке шалдыққанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызай Дүйсенбиева бұған дейін еш жерде бөліспеген сырын "1001 түн" бағдарламасында айтты. Сөзінше, аталмыш дерттің емі жоқ. Ол тіпті сырқаты салдарынан ұшаққа отырмауға тырысады.

"Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін", - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989615-millionnyn-birinde-bolatyn-syrqat-zuldyzai-duisenbieva-auyr-dertke-saldyqqanyn-aitty/