Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Керменбаев қызы өмірге келгеннен кейін әйеліне көзқарасы қалай өзгергенін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Нұржан Керменбаев
Нұржан Керменбаев. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасы қайтадан көрермендеріне ол тартты. Бағдарламаның алғашқы қонағы болған Нұржан Керменбаев қызы өмірге келгеннен кейінгі әйеліне деген көзқарасы туралы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Керменбаев қазіргі таңда көпбалалы әке. Әнші мен жұбайы үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

"Қызым қалай дүниеге келді, содан кейін әйелдер қауымына басқаша қарай бастадым. Әйелімді бұрынғыдан қаттырақ сыйлай бастадым. Бұйырса, қызыңның болашақта тұрмысқа шығатынын білесің. Ол қызда болашақта жақсы күйеу болғанын қаласаң, сен жақсы әке болу керексің. Ол жігітті таңдағанда әкесіне, отбасылықтағы құндылықтарға қарайды.

Сондықтан менің дұрыс әке болуым, қызымның болашақта дұрыс күйеу таңдауына себепкер болатын дүние. Сондықтан мен анасын құрметтеуім керек. Қызым дүниеге келгеннен кейін осындай ойлар пайда бола бастады. Түсіне бастадым. Үйленген кезде мен ондай Нұржан болмадым деп айта аламын", - дейді әнші.

Сондай-ақ Керменбаев үй тірлігіне араласпайтынын мәлім етті.

"Ыдысты студент кезде жуып шаршаған сияқтымын. Қалай үйлендім, солай әйеліме тапсырған сияқтымын. Үйде анашым да, келіншегім де мені ондай тірлікке жақындатпайды. Үй тірлігіне көмектесемін. Негізі барлық еңбек аналардікі", - деп ағынан жарылды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989985-nurzan-kermenbaev-qyzy-omirge-kelgennen-keiin-aieline-kozqarasy-ozgergenin-malim-etti-video/