Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғаныш байқамадым": Байзақова сүйіктісі мен ұлының қарым-қатынасы жайлы айтты

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал актриса әрі блогер Айжан Байзақова жеке өміріне қатысты сыр шертіп, сүйіктісі мен ұлының қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова ұлы мен сүйіктісінің арақатынасы бүгінде өте жақсы екенін алға тартты. Блогер ару баласы тарапынан ешқандай қызғанышты байқамағанын жеткізді.

"Алан күйеужігітімді өте қатты жақсы көреді. Ол үнемі оны қолдайды. Олардың өзара құпиялары да бар. Алан өте бақытты. Ол ортамызда ұйықтайды. Ал егер біреуді құшақтау керек болса күйеужігітімді таңдайды. Қызғаныш байқамадым", - деп жазды ол.

Айжан Байзақованың Stories-i
Айжан Байзақованың Stories-i. Скриншот: Instagram/bayzakova

Сонымен қатар Байзақова ұлының әкесіне қатысты да пікір білдірді. Сөзінше, ол ұлының өзге ер азаматпен араласуына қарсылығы жоқ.

"Жақсы қарайды. Басқа қандай әсерде болуы керек? Бастысы - Аланның бақыты. Біз бәріміз Аланның жағдайы жақсы болғанын қалаймыз. Оның әкесі түсінігі мол азамат", - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990014-qyzganys-baiqamadym-baizaqova-suiiktisi-men-ulynyn-qarym-qatynasy-zaily-aitty/

pixel