Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсік болды": Айдай Исаева сәбиінен айырылып қалғанын айтып, жан сырын ақтарды (видео)

Жарияланған күні:

Айдай Исаева
Айдай Исаева. Фото: "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасы

"Қазақстан аруы-2014" әрі танымал тележүргізуші Айдай Исаева өмірінде орын алған қиын кезеңді еске алып, жан сырын ақтарды. Бүгінде үш баланы тәрбиелеп отырған жұлдызды ана түсік болып, бір баласынан айырылып қалғанын айтты. Ол бұл жағдай үшін іштей өзін кінәлайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдай Исаева тұңғышы бір жарым жасқа толғанда екінші сәбиіне аяғы ауыр болып қалғанын айтты. Тележүргізуші бұл жүктілігіне бірден қатты қуана қоймағанын жасырмады. Алайда артынан бұл үшін өкінген. Екі жарым айға толған шағында түсік болып, ол сәбиден айырылып қалған.

"Екі жарым ай болып қалған еді. Кәдімгідей күтіп жүргенбіз. Мен бұл жайында ешкімге айтпаппын. Сол себепті қыздар қауымының құлағына алтын сырға. Негізі Алла баланы жатырыңа қалай салады, солай махаббатпен қабылдауың керек. Мен ұлымнан кейін үйде күйзеліске ұшырадым. Күтуші болса да, шығармашылықтың адамы болғаннан кейін қиын болды. Үйде отырып кетсең кәдімгідей жарыласың ғой. Сол кезде бәрі бар, тамағым тоқ. Аллаға шүкіл. Сол кездегі жағдайымды айта алмаймын. Үйден шыққым келіп, өзімнің шығармашылық жағымды дамытқым келді. Желіге кірсем бәрінен қалып кеткендей күйде болдым.

Сол сәтте көтеріп қойдым. Өзім бір бұрышта отырып көзіме жас алдым. Неге тоқтай тұрмадым? деп. "Мүмкін кішкене уақыт керек. Ұлымды кішкене болса да аяққа тұрғызып алуым керек еді" деген ойлар келді. Әл-Фараби ол кезде бір жарым жаста ғана, емізулі болды.

Солай мен жүктілігімді қабылдамадым да, бір сағаттан кейін құдайдан кешірім сұрадым. Сөйтсем сосын ол өздігінен түсіп қалды. Олай болмайды екен. Бұл үшін өзімді кінәлаймын. Алладан кешірім сұраймын. Күйзеліске түсуге хақым жоқ. Үш балам бар, оларды ойлауым керек. Жолдасыма "неге?" деген кезімде ол маған қатты ұрысқан. Ол Алладан келген аманат деді. Сосын мен жыладым, артынан есімді жинадым. Түсіп қалған кезде жолдасым екеуіміз бір жылап алдық. Сосын бұл жағдайды жібердім. Өзімді іштей кінәлауды жіберіп, сосын қызымды көтердім", - деді Айдай Исаева Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991890-tusik-boldy-aidai-isaeva-sabiinen-aiyrylyp-qalganyn-aityp-zan-syryn-aqtardy-video/