Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкеммен ән айтқандай күй кештім": Өнербаевпен дуэт айтқан Нұрболат Абдуллин толқынысын жасыра алмады (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин мен Нұрлан Өнербаев
Нұрболат Абдуллин мен Нұрлан Өнербаев. Фото: instagram.com/nurbullin

Нұрлан Өнербаевпен сахнада дуэт орындаған әнші Нұрболат Абдуллин толқынысын жасыра алмады. Әншілер "Сағындырған әндер-ай" ән кешінің 15 жылдығында сахнаға бірге шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин Өнербаевтың өмірден өткен әкесімен ұқсастықтары өте көп екенін жасырмады.

"Әкеммен ән айтқандай күй кештім... Себебі, әкем мен Нұрлан ағамның ұқсастықтары өте көп. Иә, кеше сахнада басқаша толқыныс болғанын жасырмаймын. Мені өз дәрежеңізге көтеріп, қолдағаныңызға рахмет, аға", - деп жазды Нұрболат Абдуллин.

Желі қолданушылары қос әншінің орындауындағы әнді естіп, бір жылап алғандарын жасырмады.

"Нұрлан ағаның дауысы керемет қой, шіркін", "Ауылым мен әкемді еске алып, бір жылап алдым", "Әкесі мен баласы толғанып, шырқап тұрғандай", "Керемет көрініс", "Әке мен шешенің орны бөлек болады. Керемет дуэт" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Нұрлан Өнербаев пен Нұрболат Абдуллин дәстүрлі "Сағындырған әндер-ай" ән кешінде "Ауылым" әнін орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994319-akemmen-an-aitqandai-kui-kestim-onerbaevpen-duet-aitqan-nurbolat-abdullin-tolqynysyn-zasyra-almady-video/

pixel