"Қазір ақталмаймын": Ерке Есмахан өзі жайлы айтылған өтірікті қалай қабылдайтынын айтты (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Ерке Есмахан өзі жайлы айтылған қауесетке қалай қарайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші Instagram желісінде оқырманының сұрағына жауап берген.
Желі қолданушысы әншіден "Өзіңіз жайлы өтірік әңгіме естігенде не істейсіз?", - деп сұраған.
Ал әнші бұрын өзі жайлы айтылған қауесетті естісе, жағдайды түсіндіргісі келіп ашуланатынын айтты. Алайда қазір ешкімнің алдында ақталмайтын болған.
"Өтірік деп аты айтып тұр ғой. Бұрын ашуланып, мән беріп, түсіндіргім келетін. Қазір ақталмаймын. Өзімді өзімнен артық ешкім білмейді", - деді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмаханның тойда ән айтқаны үшін 2 миллион теңге сұрайтынын "Жаңа қадам" бағдарламасында айтылған болатын. Әншінің той өтетін өңірге ұшып бару және келу билеттерін, қонақүй нөміріне ақшаны бөлек төлейсіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995562-qazir-aqtalmaimyn-erke-esmaxan-ozi-zaily-aitylgan-otirikti-qalai-qabyldaitynyn-aitty-foto/