Жәния Джуринская кішкентай қызынсыз демалысқа аттанғаны үшін айыптаған оқырманын балағаттап тастады (фото)
Жарияланған күні:
Қазіргі таңда Вьетнамда саяхатта жүрген актриса Жәния Джуринская өзін айыптаған оқырманын балағаттап тастаған. Желі қолданушысымен болған келеңсіз жағдай жайлы актриса Instagram парақшасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысы актрисаны кішкентай қызынсыз демалысқа аттанғаны үшін және бала емізбегеніне айыптаған.
"Мен қазір ашулымын. Себебі, маған оқырманым қанша ауыр сөздер айтты. "Омырау сүтімен әдейі емізбедің" деп айыптады. Софиді Вьетнамға ала кетпегенім үшін менің аналық түйсігімнің жоқ екенін жазды. Ал мен оны балағаттадым. Өйткені маған олай айтуға ешкімнің құқығы жоқ", - деді Джуринская.
Актриса қанша ашулы болса да, оқырмандарына не себепті күйеуі екеуінің қызын қалдырып, саяхатқа аттанғандарын түсіндірді.
"Таиландқа саяхаттаған кезде Софи өте қатты шаршап, мазасызданды. Жеті сағат ұшақта ұшу оған ауырлық қылады екен. Қызым сәл өссе, саяхатқа өзіммен бірге алып шығамын. Сондай-ақ айта кетейін, бір кездегі мен секілді қызым да омыраудан өз еркімен бас тартты", - деді Жәния Джуринская.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998540-zaniya-dzurinskaya-kiskentai-qyzynsyz-demalysqa-attangany-usin-aiyptagan-oqyrmanyn-balagattap-tastady-foto/