Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Қырықбаева екінші рет тұрмысқа шығуға қатысты көзқарасын айтты

Опубликовано:

Динара Қырықбаева
Динара Қырықбаева. Фото: instagram.com/kyrykbayeva

Отандық әнші Динара Қырықбаева екінші рет тұрмыс құруға асықпау керектігін айтты. Үш балалы әнші 2020 жылы бірінші некесінен ажырасқан болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайта отбасы құруға қатысты көзқарасын әнші Instagram парақшасында жариялады.

"Егер жақсы азамат ұсыныс жасаса, сезім болмаса да қайта тұрмысқа шығуға болады ма?", - деп сұрады Қырықбаеваның оқырманы.

Ал әнші қайта отбасы құруға асықпау керектігін жеткізді.

"Қайта тұрмысқа шығуды немесе шықпауды сіз шешесіз. Егер жақсы ер адам болса, неге шықпасқа? Алайда менің ойымша, асығудың керегі жоқ", - деп жазды Динара Қырықбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Динара Қырықбаева 2020 жылы үшінші сәбиін өмірге әкелгеннен кейін ажырасып кеткен болатын. Әнші арада біраз уақыт өткенде сәтсіз некесі туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998919-dinara-qyryqbaeva-ekinsi-ret-turmysqa-syguga-qatysty-kozqarasyn-aitty/

pixel