Актер Аян Өтепберген өзіне қандай қыз керек екенін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Танымал отандық актер Аян Өтепберген Taboo бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы ашып айтты. Актер анасына үйде отыратын келін керектігін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Актердің айтуынша, оның қазір кездесіп жүрген аруы бар.
"Жар болатын қызды әлі кездестірмедім. Соңғы рет екі жыл бұрын сүйіктім болды. Ол қызбен 4,5 жыл бойы кездестік. Ол өте жақсы, керемет қыз. Уақыт өткіздік. Алайда оны қазір айтудың керегі жоқ деп ойлаймын.
Ал қазіргі сүйіктім туралы айтпаймын. Екеуміздың танысуымыз да әдемі болды. Бірақ ол туралы айтпаймын. Маған өз ойы бар қыздар ұнайды. Алайда анама үйде отыратын келін керек. Анам "тәрбиелі, текті жердің қызы керек" деп айтып отырады. Жиі ғашық боламын. Сұлулықты жақсы көремін. Бірақ ол арамдықсыз ғашықтық. Сол туралы жазғанды да жақсы көремін", - деді актер.
Айта кетейік, Аян Өтепберген - "Қазақ хандығы. Алмас қылыш", "Рэкетир-2", "Томирис" фильмдерінде және басқа да киножобаларда ойнаған дарынды қазақ актері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999330-akter-ayan-otepbergen-ozine-qandai-qyz-kerek-ekenin-aitty-video/