"Арам ойға барасың": Аян Өтепберген көп әйел алуға қатысты көзқарасын білдірді (видео)
Жарияланған күні:
Отандық актер Аян Өтепберген әлеуметтік желідегі көп әйел алуға қатысты жазбасына түсінік берді. Өнер иесі "Taboo" бағдарламасында бұл жазбасына не түрткі болғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Актер осыдан біраз уақыт бұрын желіде "Бәйбішеңнің келісімімен, "шамаң жетсе", жансүйер мен нақсүйерді ыңғайлаған да жақсы. Пах, шіркін", - деп жазған.
Бағдарлама жүргізушісі Аян Өтепбергеннен "Көп әйел алудан сен де дәмелі сияқтысың ғой?", - деп сұраған.
Ал актер ондай ойға ерік берген сәттерінің болғанын алайда, көп әйелдікке қарсы екенін жеткізді.
"Дәмелі болғанда, ондай ойға кішкене ерік бердім. Негізі қарсымын. Менің әкемнің жалғыз бәйбішесі бар. Мен көп әйелділікті көрмедім. Ондай дүниеден тәжірибем жоқ.
Ол нәрсені айтуға түрткі болған нәрсені айтайын. Бір кездері туыстарды аралап, достарыңның балаларын көргенде, "Отызға келіп қалдым" деп ойлана бастайсың. Кейбір кезде қаламасаң да, қоғам сенің әр қадамыңды жіті бақылап, үйлену туралы айта бергенде, қоғамның пікірі әсер етеді. Сондай кезде "Отызға келіп қалдым. Екі-үш әйел алам деген арам ойға барып қаласың. Ол сезімнің максимализмі ғой. "Көбірек ұрпақ тәрбиелеп үлгерсем" деген кезде жазылған жазба.
Бірақ ол жерде "шамаң жетсе" деген тырнақша ішіндегі және "бәйбішеңнің рұқсатымен" деген маңызды сөздер бар. Ол жай ғана сөздер, олай жасамаймын", - деді Аян Өтепберген.
Айта кетейік, актер осыған дейін өзіне қандай қыз керек екенін мәлім еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999336-aram-oiga-barasyn-ayan-otepbergen-kop-aiel-aluga-qatysty-kozqarasyn-bildirdi-video/