Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" қатысушысының денесі табылды

Жарияланған күні:

Наталия Стешенко
Наталия Стешенко: lunatheatre.ru

Мәскеуде "Мисс Қазақстан-2000" қатысушысы Наталия Стешенконың денесі табылды. Оны өз пәтерінде ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

MK.RU сайтының хабарлауынша, 37 жастағы актриса Мәскедің Ростовская жағалауындағы пәтерінен өлі күйде табылған. Құқық қорғау органдары қазір Стешенконың қайтыс болу себебін анықтауда.

"Вечерняя Москва" басылымы актрисаның дүйсенбі, 28 қараша күні табылғанын жазды. Басылымның мәліметінше, Стешенко табылған сәтте ес-түссіз күйде болған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Себебі ол дәрігерлер келмес бұрын өмірден өтіп кеткен.

Наталья Стешенко Павлодарда дүниеге келген. Ол 2000 жылы "Қазақстан аруы" атағын жеңіп алды. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетін бітіргеннен кейін Мәскеудің "Луна" театрында жұмыс істеді.

Сонымен қатар, актриса "Инспектор Купер" және "Лига обманутых жен" сериалдарында ойнады. Ол "Лига обманутых жен" сериалында басты рөлді сомдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999413-baq-maskeude-qazaqstan-aruy-2000-qatysusysynyn-maiiti-tabyldy/