"Көңіл-күйіме қатты әсер етті": Рүстем Нұржігіт өнер әлемінен алыстап кету себебін түсіндірді (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Рүстем Нұржігіт "OZMZғой" бағдарламасында неліктен өнер әлемінен алшақтап кеткенін айтты. Өнер иесі студияда әр күні жұмыс істейтінін, алайда көңіл-күйіне карантиннің әсер еткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, оның өз бизнесі бар. Рүстем Нұржігіттің кофехана ашқанына 11 жыл болған.
"Жаңа әндер жазылып жатыр. Әндер көп. Бүкіл әлемде карантин жағдайы болды. Осы менің көңіл-күйіме қатты әсер етті. Бірақ өнер адамы болған соң, студияда бірнәрсе жазып, тырысасың ғой. Жаңа, жақсы дүниелер бар.
Қазіргі жұмыс барысы, әніңді шығару бұрынғымен салыстырғанда басқаша. Бұрын біз ән жаздырып, бейнебаян түсірсек, тойдан жиналған ақшамызды әр арнаның продюсеріне ақша тастайтынбыз. Өздерінің прайстары болады, бізге көрсетеді. Жоқ дегенде айына 6 мың доллар төлейсің. Заман сондай болды. Олар да енді жұмысшыларды асырауы керек қой", - деді Рүстем Нұржігіт.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Рүстем Нұржігіт алғаш рет ашыла сұхбат беріп, өз жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі екі рет үйленгенін растап, бүгінде 44 жасында ата атанғанын жеткізген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999587-konil-kuiime-qatty-aser-etti-rustem-nurzigit-oner-aleminen-alystap-ketu-sebebin-tusindirdi-video/